Басты жаңалықтар
Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн салқындайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:26
- 64
Еліміздің кейбір өңірлерінде ыстық басылады.
"Қазгидромет" синоптиктері 23, 24 және 25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде аптап ыстық басылады.
"Қазақстан аумағына циклон жылжып келеді, ол өзімен бірге найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және шаңды дауыл әкеледі", - деп хабарлады "Қазгидромет".
Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы 23-28 градус жылылықты құрайды.
Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде 33-38 градус, ал кей жерлерде 40 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады.




