Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша бірден екі рекорд орнатты

Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша бірден екі рекорд орнатты
Сурет: Unsplash
Туу көрсеткіші жоғары аймақтар анықталды.

Түркістан облысы елдегі туу көрсеткіші ең жоғары аймақтардың қатарына да енді. Көпұрықтылардың ең көп дүниеге келуі  осы облысты тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2026 жылы қаңтар мен сәуір айларында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді.

Егіздер ең көп дүниеге келген өңірлер:

  • Түркістан облысында – 263 жағдай;
  • Алматы қаласында – 245 жағдай;
  • Алматы облысында – 175 жағдай тіркелген.

 Үшемдер көп дүниеге келген өңірлер:

  • Түркістан облысын;
  • Атырау облысы;
  • Шымкент қаласы.

Қалған облыстарда мұндай жағдайлар сирек кездеседі.

“2026 жылдың алғашқы төрт айында елде жалпы саны 99,4 мың сәби дүниеге келген”, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Туу көрсеткіші ең жоғары өңір – Түркістан облысы болса,  екінші орында Шымкент қаласы (19,39), ал үшінші Маңғыстау облысы (19,28). 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар