Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жауапкершіліктен жалтармаймын": Zeekr жүргізушісі сотта соңғы сөзін айтты

"Жауапкершіліктен жалтармаймын": Zeekr жүргізушісі  сотта соңғы сөзін айтты
Сурет: видеодан скриншот
Сотта Zeekr жүргізушісі Александр Пак соңғы сөзін айтты.

Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот отырысында сотталушы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сотталушы Александр Пак соңғы сөзінде кінәсін толық мойындайтынын, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді.

"Қаза болғандардың ата-анасы мен жақындарынан шын жүректен кешірім сұраймын. Бұл мен үшін өмір бойы ұмытылмайтын трагедия. Жауапкершіліктен жалтармаймын, сот мен шын ниетпен өкінетінімді білгенін ғана қалаймын", – деді сотталушы.

Сондай-ақ ол соттан бұдан бұрын ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескеруді сұрады. Әке екенін, балалары барын да жеткізді.

Сотталушы өз сөзінде БАҚ өкілдеріне үндеу жасады.

"БАҚ өкілдеріне айтарым, олардың көбі менің дәулетім, ата-анам мен отбасым туралы жалған ақпарат таратып жатыр. Мен Тараздан шыққан қарапайым жігітпін, 20 жасымнан бастап жұмыс істеп, бәріне өз күшіммен жеттім. Саяси лауазымды тұлғалармен ешқандай таныстарым жоқ", – деді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар