Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ол арбада босанып қалды": Алматы облысында сәби перзентханада еденге құлағаннан кейін көз жұмды

"Ол арбада босанып қалды": Алматы облысында сәби перзентханада еденге құлағаннан кейін көз жұмды
Сурет: GROK
Жаңа туған сәби еденге құлап қалған.

Алматы облысының Қаскелең қаласында жаңа туған нәресте еденге құлап, бірнеше күннен кейін көз жұмды. Бұл туралы босанған әйелдің әпкесі Threads әлеуметтік желісінде жазды, деп хабаралайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 2026 жылғы 21 маусымда болған. Автордың айиуынша, әйел босану палатасына жетпестен босанып қойған.

«Кеше мен бес күндік жиенімнен айырылдым. Босанатын әйелді зембілмен емес, мүгедектер арбасымен босану бөліміне апарған. Соның салдарынан сәби құлап кеткен. Босану палатасын іздеп оны дәлізбен алып бара жатқан кезде ол арбада босанып қалды. Нәресте анасының құрсағынан шыға салысымен қозғалыс үстіндегі арбадан еденге құлаған», – делінген жазбада.

Сөзінше, дәрігерлер нәресте құлап қалған соң оны құтқару ешқандай шара қолданбаған. Керісінше, босанған әйелді кінәлаған. Ендігіде жазба авторы дәрігерлердің үстіне шағым түсіретінін айтты.

 «Олар баланың жағдайы жақсы екенін айтқан. Бірақ келесі күні сәби тамақ ішпей қойды, әрең тыныс ала бастады. Шұғыл түрде басқа ауруханаға операция жасау үшін ауыстырды, бірақ бала аман қалмады. Басқа аурухананың дәрігерлері бізге баланың жарақатпен түскенін айтты.» – делінген жазбада.

Бұл ақпаратқа Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы өкілдері пікір білдірді.

«Аталған оқиға бойынша Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында көрсетілген медициналық көмектің сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ өтініште көрсетілген деректер бойынша қызметтік тексеру басталды.Түпкілікті қорытынды ішкі тергеу нәтижелері, медициналық құжаттамаға жасалған сараптамалық бағалау және уәкілетті сарапшы ұйымдардың қорытындылары негізінде шығарылады. Барлық тексеру шаралары аяқталып, қорытынды шешімдер алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады», – делінген ресми түсініктемеде.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар