Қоғам
ІІМ бет-әлпетті тұмшалайтын киімге қатысты тағы ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:35
- 57
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге тыйым салынған.
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда беті жабық киім киюге тыйым салынғанын тағы еске салды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл норма "Құқықбұзушылық профилактикасы" туралы заңның 75-бабы 3-тармағында көзделген. Адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киім кию - құқықбұзушылық.
"ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бұл жағдай бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады", - деді ІІМ өкілі.
Айта кетейік, қазір осындай құқықбұзушылық үшін 1613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Келесі мақала


