Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті: қаза тапқандар бар

Павлодарда көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті: қаза тапқандар бар
Сурет: видеодан скриншот
Mitsubishi Carisma автокөлігі үш жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оның екеуі қаза тапты.

Павлодар қаласындағы Назарбаев даңғылында Mitsubishi Carisma автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, үш жолаушыны қағып өткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жолдың қарсы бағытына шығып Mitsubishi Carisma автокөлігі үш жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін аялдамаға соғылған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып өткен, одан кейін жарық бағанасына және автобус аялдамасына соғылып, көлік аударылып қалған", – делінген хабарламада. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылған.

Жол апатының мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар