Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда шоу жасаған кортеждегі түлектер және ата-аналары, жүргізушілер де жауапқа тартылды

Алматыда шоу жасаған кортеждегі түлектер және ата-аналары, жүргізушілер де жауапқа тартылды
Сурет: видеодан скриншот
Жол бойынша шоу жасаған түлектерге айыппұл салынды.

Алматыда жол бойында шоу жасаған түлектер айыппұл арқалады. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп, өзгенің де, өзінің де өмірін қатерге тіккен мектеп бітірушілердің видеосы желіде тарап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алдымен олардың жеке басы анықталды. Жүргізушілерден басқалары кәмелет жасына толмағандар екен. Төрт жүргізуші мен екі жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қауіпті маневр жасау, жолаушыларды көлік салонынан тыс тасымалдау және жолда апатты жағдай туғызу баптары бойынша шара қолданылған. Түлектерге, олардың ата-аналарына және көлік жүргізушілеріне 21 мыңнан 86 мың теңгеге дейін айыппұл салынды.

«Құқықбұзушылыққа қатысқан азаматтар анықталып, барлығы жауапқа тартылды. Жүргізушілермен қатар жолаушылар да терезеден басын шығарып жүрген. Оның үстіне барлық жеткіншектің ата-аналары да өз баласының тәрбиесіне немқұрайқарағаны үшін жауапқа тартылды», - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар