Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жүкті болып тұрмысқа шыққан”: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі өзіне қатысты айтылған сөздерге жауап берді

“Жүкті болып тұрмысқа шыққан”: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі өзіне қатысты айтылған сөздерге жауап берді
Сурет: видеодан скриншот
Екінші рет үйленген Жігер Ауыпбаев сынға қалды.

Танымал әнші, “Меломен” тобының экс-солисі Жігер Ауыпбаев екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Муминаға ұсыныс жасаған сәттің видеосын жүктеді.

Артынша TikTok желісінде Муминаның ұзату тойынан үзінділер тарады. Желі қолданушылары әншінің сүйіктісі аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам жасаған.

Бұл сыни пікірлерден соң жары Мумина Адахамова жауап ретінде жазба жариялады. 

“Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қардай амалға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз”, – деп түйіндеді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар