Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қаламаған балалар": Тұрсын Алагөзовтың ұлы әкесіне не себепті ренжігенін айтты

"Қаламаған балалар": Тұрсын Алагөзовтың ұлы әкесіне не себепті ренжігенін айтты
Сурет: nur.kz
Арсен Алагөзов өзінің "қаламаған бала" емес екенін айтып, жан сырын ақтарды.

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың ұлы Арсен Алагөзов әкесінің қандай сөзіне ренжігенін айтты. Бұл туралы ол тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тұрсын Алагөзов сұхбаттарының бірінде ұлы мен қызын қаламаған балалар екенін айтқан.

"Әкем Амина екеумізді жоспарланбаған, қаламаған балалар деп айтты. Мені тек 2 жасында көрген. Ол кезде мен Қытайда болдым деді. Бірақ мен үлкен махаббаттан туылғанмын. Әкемнің есінде жоқ. Бұл жайлы бүкіл елге айтқаны маған тиіп кетті. Осыдан кейін адамдардың маған аяушылықпен қарай бастағанын аядым. Ал маған мені біреудің аяғаны ұнамайды. Мен үлкен махаббатпен туылдым. Өзіме сенімді жігітпін. Құдай бәрін берді. Мені аяудың керегі жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, ол әкесінің екінші әйелі Баян Мақсатқызымен ара-қатынасына тоқталды. Айтуынша, олар бір-бірін тыңдап, сыйластықпен қарауға тырысады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар