Алматыда такси жүргузішісі туристерді алдап, 150 доллар жолақы алған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 21:34
- 1
Алматыда такси жүргізушісі шетелдік қонақтарды алдап, жолақысына 150 доллар сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үндістаннан келген екі турист Алматы халықаралық әуежайынан қалаға жету үшін таксиге отырған. Діттеген жеріне жеткен кезде жүргізуші олардан жол ақысысына 150 доллар талап еткен. Мұндай ақының тым жоғары екенін түсінген шетелдік азаматтар бірден Бостандық аудандық полициясына шағым түсірген.
Жедел әрекет жүргізу кезінде жүргізушінің жеке басы анықталды. Сөйтіп туристердің қаражаты өздеріне толық көлемде қайтарылды.
Алматы қаласының полиция департаменті жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғаларға қала тұрғындарын, қонақтарды немесе шетелдік туристерді алдау арқылы заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет заң аясында қатаң жазаланатынын еске салды.


