Елімізде 1-қыркүйектен бастап мектепте жаңа пәндер енгізіледі
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2026
- 154
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде жаңа міндетті оқу пәндері енгізіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
«Жаңа оқу жылынан бастап білім беру жүйесі бірнеше жаңа оқу пәндерімен толығады. 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. Ал 8-11-сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Бұдан бөлек, 5–11-сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі», – деді Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасының мазмұны қайта қаралып жатыр.
«Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі», – деді Сүлейменова.
Сонымен қатар 1-сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіледі, оқу жүктемесі азайтылады.
Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




