Қоғам
Түркістанда полицей қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2026
- 316
Полиция қызметкері жол апаты кезінде қайтыс болды.
Түркістанда түн ішінде орын алған жол апатынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Қонысбеков мерт болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Қайғылы жағдай туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.
“Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, капитан Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсетеді”, – делінген жазбада.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Мектептегі сабақтардан тау трассаларына дейін: Алматыдағы балалар үшін жаңа мүмкіндіктер
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2026
Қоғам
Атырауда бір отбасының жоғалуы: хакердің ісі сотқа жолданды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2026




