Басты жаңалықтар
6-шілде Астана күнінде 500-ге жуық сәби дүниеге келген
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:14
- 48
Мереке күні елордада екі егіз сәби дүниеге келді.
Астана күнінде Қазақстанның түрлі өңірінде 448 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мереке күні еліміздің медициналық ұйымдарында 448 бала дүниеге келген. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Сондай-ақ, 6 шілде Астана күні екі егіз дүние есігін ашты.
Нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында туылған, мұнда 67 сәби дүниеге келді. Алматыда 44 сәби жарық дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.
Министрлік ақпаратынша, босануға көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлері жүктілікті, босануды қауіпсіз жүргізуді және жаңа туған нәрестелерге қажетті көмек көрсетуді тәулік бойы қамтамасыз етеді.




