Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ең бақытты анамын": Мөлдір Мұқан үлкен қызына көлік сыйлады (ВИДЕО)

"Ең бақытты анамын": Мөлдір Мұқан үлкен қызына көлік сыйлады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Мөлдір Мұқан үш баласына салтанатты кеш ұйымдастырды.

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан үлкен қызына көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Продюсер үш баласына кеш ұйымдастырды. Үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндетке отырғызылуын біріктіріп атап өтті.

Мөлдір Мұқан тұнғышы Әдеміге су жаңа Audi A7 көлігін сыйлады.

"Ата-анаң үшін біз ойлағаннан да асып түсетін нәрселер жасап жатырсың. Қатты жақсы көремін мен сені. Кеше диплом алып келуге Дубайға бардық. Қазақстанда өзінше болып жүрем ғой, бәрін өзім шешіп. Ал Дубайда сүмірейіп қаламын. Әдемі деген бәрін өзі шешіп жүр. Мен қандай қыз дүниеге әкелгенмін дедім. Алла Тағалаға шүкір айтамын. Алла Таға осы 5 баланы берген, дүниеге әкелген ең бақытты анамын! Ешқашан ананы алып бер, мынаны алып бер деп айтқан емес. Шай ішіп отырғанда көлік мінгім келеді деп айтып қалды. Мен қалай байқамағанмын дедім", - деді ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар