Үкімет мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін жаңартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құжатта енді жеке және заңды тұлғалар туды тұрғын үй, ғимараттарда, соның ішінде балкондарда ілуге болады деп көрсетілген.
- жеке тұрғын үйлерде оны кемінде үш метр биіктікте ілуге болады;
- ту жерге, еденге, суға немесе басқа беттерге тиіп кетпеуі керек;
- егер тігінен ілінсе, ұлттық ою-өрнек үстінде болуы керек;
- ту бүтін, таза, өңі кетпеген және зақымдалмаған болуы керек;
Заңды талаптарға сәйкес, туды көлік құралдарының ішінде ілуге болады.
Сонымен қатар мемлекеттік туды мәдени, спорттық, әлеуметтік немесе басқа да іс-шаралар кезінде коммерциялық мақсатта пайдалануға болмайтыны нақты көрсетілген. Бірақ мемлекеттік тудың бейнесін спорттық киімдер мен жабдықтарда пайдалануға ресми түрде рұқсат етілген.
Туды киім, төсек-орын, перде, дастархан, кілем және басқа да жабын ретінде пайдалануға тыйым салу да күшінде қалады. Қасақана зақымдауға, өртеуге, жыртуға, жерге лақтыруға немесе ұлттық рәміздің қадір-қасиетін түсіретін кез келген басқа әрекеттерге тыйым салынады.
Премьер-министр қол қойған жарлық 13 шілдеде күшіне енеді.



