Қоғам
"ҚазМұнайГаз" компаниясының орталық кеңсесі қызметкерлері 10 пайызға қысқарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:36
- 43
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан бірнеше қызметкер жұмыстан қысқартылды.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының орталық аппаратында оңтайландыру аясында 47 қызметкер қысқартылды. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Компания басшысы Асхат Хасеновтың айтуынша, оңтайландыруға орталық аппарат қызметкерлерінің 10 пайызы ілінген.
Журналистер жұмыстан шығарылған қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған ба және өтемақы төлемдері туралы сұрады.
"Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - деп жауап берді Хасенов.



