Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы ресми таратты.
"Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында туған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденінің иегері.
Нұртас орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» газетінде корректор болып бастаған.
Ол 1982 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.
Ақынның «Бастау» атты алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрді. Кейін «Өмірді сүю» (1987), «Ұлылықпен сырласу» (1990), «Қимаймын сені» (1998), «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманымен қауышты. Бірқатар өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.
«Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Біз де тағдыры талай сынақтың үстінде өткен, жас кезінен мүгедектіктің меселін кешкен атпал азаматтың, арқалы ақынның, қайсар қайраткердің қазасына орай оның туған-туыстары мен жақындарына және барша оқырмандарына көңіл қошын білдіреміз.
Алла алдыңнан жарылқасын, Нұртас Ибрагимұлы! Пейіште нұрың шалқысын.



