Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Динара Сәтжанның ұлы үйленеді

Динара Сәтжанның ұлы үйленеді
Сурет: видеодан скриншот
Динара Сәтжан болашақ келініне сырға салды.

Қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан жақсы жаңалығымен бөлісті. Ол болашақ келінінің құлағына сырға салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші желідегі парақшасында видео жариялады.

“Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық”, – деп жазды ол.

Динара Сәтжан ұлының сүйіктісі Айнұрды бірнеше жылдан бері жақсы танитынын айтады.

“Даниал әскерде жүргенде Айнұрмен жиі бірге барып жүрдік. Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегенін түсіндім. Айнұр оған сүйікті жар ғана емес, сенімді серік болады деп сенемін”, – деді ол.

Алдағы үлкен тойға дайындықты бастап кеткен.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанның қуанышына ортақтасып, жас жұпқа ақ тілектерін арнады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар