Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам 25 күнге қамауға алынды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:14
- 1
Астанада ер адам түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген. Полиция қызметкерлері қолға түсірді. Ол 25 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің ауласында жалаңаш жүріп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, өзгелерге құрметсіздік танытқан 48 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы әрекеті емес. Осыған дейін де аталған азамат өзенге жалаңаш күйде түсіп, жұртшылықтың назарын аударған. Алайда бұрынғы оқиғадан тиісті қорытынды шығармаған.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
«Соттың қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамға анық құрметсіздік білдіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу тосқауыл қойылып, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады», – делінген Астана қаласының Полиция департаменті хабарламасында.


