Қоғам
Төрт кандидаттың өз еркімен бас тартуына байланысты “Байтақ” партиясының тізімі 47 адамға дейін қысқарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 шілде, 2026
- 1
Съезд жұмысына 67 делегат қатысты.
13 шілдеде Астанада «Байтақ» жасылдар партиясының кезектен тыс VI Съезі өтті. Съезд жұмысына 67 делегат қатысты, олардың қатарында елдің барлық 20 өңірінен филиал басшылары да болды.
Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев Съезд делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде бұған дейін партия Құрылтай депутаттығына 51 кандидаттан тұратын тізімді бекітілгенін айтты. Бірақ төрт адам өз еркімен одан шығу туралы шешім қабылдаған.
Делегаттар Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бірауыздан қолдап, дауыс берді. Оған 47 адам енді, олардың қатарында экология саласындағы жетекші мамандар мен елге танымал қоғам қайраткерлері бар.



