Әйелінің туыстарын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласы қайда болатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:21
- 41
Сот бір отбасының төрт мұшесін бірдей өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевті жәбірленушіге моральдық зиян ретінде 40 миллион теңге төлеуге, мемлекет шығындарын өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Үкімді жариялау кезінде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина қаза тапқандардың туыстарының азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылғанын хабарлады. Бұған дейін сот процесі барысында жәбірленуші тарап 70 миллион теңге көлемінде талап-арыз қойған болатын.
"Мұқанғалиеваның, Шылмағанбетованың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылсын. Азаматтық жауапкер Сәрсемалиевтен талап қоюшының пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 40 миллион теңге өндірілсін", - деді судья Зарема Хамидуллина.
Бұдан бөлек, сотталушыдан 9 926 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндірілді. Сәрсемалиевке азаматтық талап бойынша шешімді өз еркімен орындауға екі ай уақыт берілді, одан кейін өндіріп алу мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ сот оны Жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК - 117 960 теңге төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар сотталушыдан сот сараптамаларын жүргізуге жұмсалған 2 512 128 теңге көлеміндегі шығын өндірілді.
Өмір бойына сотталған Сәрсемалиевтің бір жастан тоғыз жасқа дейінгі бес кәмелетке толмаған 5 баласы баласы бар. Балалардың тағдырын шешу Атырау қалалық білім бөліміне тапсырылды.
Сот материалдарына сәйкес, үлкен үш бала қазір Атырау облысының Талғайран ауылындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Кіші екі бала Атырау облысының Мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.



