Саясат
Иран билігі АҚШ барлық міндеттемесін бұзғанын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:12
- 12
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ өз міндеттемесін орындамағанын айтты.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ-пен жасалған бейбіт келісімінің күші жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасарының айтуынша, АҚШ өзінің барлық міндеттемесін орындаған жоқ.
"Біз қазір АҚШ барлық міндеттемесін бұзып, Иран Ислам Республикасына қарсы әскери және агрессивті әрекеттерді қайта бастағанын көріп отырмыз. Олар біздің батыл қарулы күштеріміздің тарабынан қарсылыққа тап болды. Мұндай жағдайда Иран ешқандай міндеттемені сезінбейді, өйткені, қараңызшы, енді меморандум туралы айтудың өзі кеш", - деді Гарибабади.




