Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында полцейді әйелі мен баласы өртеп жіберген: тың мәліметтер айтылды

Алматы облысында полцейді әйелі мен баласы өртеп жіберген: тың мәліметтер айтылды
Сурет: politico.kz
Мәйіті өртенген күйінде табылған полицейге қатысты мәлімет шықты.

Алматы облысының тауларында мәйіті өртенген күйі табылған 37 жастағы полицей Аслан Әлсеровтің ісі бойынша үйқамаққа алынған жасөспірімдердің адвокаттары тың деректермен бөлісті. Бұл туралы олармен тілдескен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агентігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маусым айының 23-і күні болған оқиғадан кейін марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерова күдікті ретінде қамауға алынып, оқиға орнында болған кәмелет жасына толмаған 3 жасөспірім үйқамаққа шығарылған болатын.

Қорғаушы Ғалым Нұрпейісовтің мәліметіне сүйенсек, оның қорғауындағы жасөспірім марқұмның ұлының досы болған және сол күні олардың үйіне плейстейшен ойнауға барған. Сонымен қатар адвокат полиция қызметкерлері жасөспірімнен алғаш жауап алған кезде оның жанында қорғаушысы болмағанын айтып отыр.

«Сараптама тағайындадық. Қазір онымен психолог маман жұмыс істеп жатыр. Қорытындысын алған кезде белгілі болады. Өйткені мына жерде тергеушілер кәмелетке толмаған балаларға қысым жасап, алдын ала келісім жасаған. Олар кәмелетке толмаған балалар. Ой жоқ. Олар білмейді, жоспарламайды. Ана жерде ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болған. Балалар шокта болған. Қылмыстық кодексте бар нәрсе, «эксцесс соучастие» деген. Ол орысша айтқанда, «Не в то время, не в том месте» болған», – деді Ғалым Нұрпейісов.

Бұдан бөлек қорғаушы тиісті сараптама нәтижелері шыққаннан кейін іс бойынша жаңадан жауап алуға шағым түсіретінін жеткізді.

«Психолого-психиатриалық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сол қорытынды келген соң, біз жаңадан жауап алуға тырысамыз, өтініш береміз», – деді ол.

Ал өзге жасөспірімдердің адвокаты Гаухар Сарыева тергеу амалдарының жүріп жатуына байланысты толық ақпарат бере алмайтынын айтқанымен, әріптесі Ғалым Нұрпейісовтің сөзін толығымен қуаттап отыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар