Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мәйітті сөмкеге салып, қоқысқа апарып тастаған": Ақтөбеде ер адамға қатысты сот үкімі шықты

"Мәйітті сөмкеге салып, қоқысқа апарып тастаған": Ақтөбеде ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Сурет: 24.kz
Ер адам үйіне келген танысымен сөзге келіп қалып, оған бірнеше рет пышақ салған.

Ақтөбеде танысын аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қылмысын жасыру үшін оның мәйітін сөмкеге салып, қоқысқа апарып тастаған. Бұл оқиға биыл 21 ақпанда болған. Үй иесі мен оның қонағы бірге ішімдік ішіп отырғанда араларында жанжал туындаған. Сөзге келіспей қалған үй иесі 55 жастағы танысына бірнеше рет пышақ салған. Ауыр жарақат алған жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

 24 ақпанға қараған түні мәйітті үлкен дорбаға салып, жақын маңдағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған.

Арада жарты айға жуық уақыт өткенде, яғни 11 наурызда қоқыс алаңындағы сөмке тұрғындардың назарына ілігеді. Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері дорбадан ер адамның денесін тапты.

Сот талқылауы кезінде 62 жастағы сотталушы өз әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын айтып ақталғысы келді. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тауып, оның кінәсін толық дәлелдеді. Ақтөбе қаласының тұрғыны кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, сотталған азамат жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар