Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсірмек

Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсірмек
Сурет: ашық дереккөздерден
Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсіруге байланысты мамандарға үндеу жасады.

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсірмек. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол бұрын ашушаң болған. Қазір сабырлы болуға тырысатынын жеткізді.

“Бұрын көп ашуланатын едім. Қазір ақыл қонды. Ашушаңдық ақымақтық екенін жақсы түсіндім. Жалпы табиғатымда сабырлық бар, тек өмір сол ашуландырған кездері болды. Қазір ашушаң адамға неге өйтіп тұр деп қарап қалуды шығардым. Ал жұмысқа келгенде бұл философия уақытша тоқтайды”, – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өз өмірі жайлы деректі фильм түсіруге ниетті екенін мәлімдеп, жобаға атсалысқысы келетін мамандарға үндеу жасады.

“Жаңалық. Өзім жайында деректі фильм жасаймын. Менімен жұмыс жасағысы келетін документалистерді қарсы аламын. Шетелге шыққанның пайдасы – ойға идея келеді!” – деп жазды ол.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар