Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әуібәкіровты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әуібәкіровты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Тоқтар Әубәкіровты құттықтады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды

"Халқымыз өзіңізді әйгілі ғарышкер, көрнекті қоғам қайраткері, отансүйгіш азамат ретінде айрықша қадірлейді. Сіздің еңбек жолыңыз жарқын белестерден тұрады. Біраз жыл кәсіби ұшқыш болып, жаңа әскери ұшақтарды сынақтан өткізіп, ерен ерліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіз зеңгір көкке көтерілген қазақтың тұңғыш ғарышкері атандыңыз. Еліміздің әлем алдындағы мәртебесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық аэроғарыш, қорғаныс өнеркәсібі салаларының дамытуына қосқан үлесіңіз өте мол. Парламент Мәжілісінің депутаты болған кезіңде терең біліміңіз бен өмірлік тәжірибеңізді отандық заңнаманы жетілдіру ісіне арнадыңыз. Алдағы кезеңде еселі еңбегіңіздің жемісін көріп, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін", - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатында.

Салтанатты іс-шараға аэроғарыш саласының, Қарулы күштер мен Генералдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғарышкер-ұшқыштар, сынақшы-ұшқыштар, инженерлер мен конструкторлар қатысты.

Сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан "Сұңқар" зымыран-тасығышының сәтті сынақтық ұшырылуы отандық ғарыш саласының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашқаны ерекше атап өтілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар