Қоғам
Оралда демалыс орнында 6 жасар бала суға тұншығып, қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:35
- 27
Демалыс орнында бала суға батып кетті.
БҚО-дағы «Арна» демалыс базасында 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аптап ыстыққа байланысты жағажайда адамның көп болуына байланысты су лайланып кеткен. Бала су астында шамамен 2-3 минут болып, жағалаудан бар-жоғы бір жарым метр қашықтықтан табылған.
Баланы судан құтқарушы алып шыққан кезде оның жүрек соғысы әлі бар еді. Жағажайда болған дәрігерлер бірден көмекке ұмтылып, жедел жәрдем келгенге дейін реанимациялық шараларды жүргізді.
Әкімшіліктің мәлімдеуінше, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған, жағажайда құтқарушылар кезекшілік те болған. Демалыс орнының иесі мен ұжымы қаза тапқан баланың отбасына қайғырып көңіл айтты.



