Қазақстан құрамасы алғаш рет семсерлесуден Әлем чемпионатын жеңіп алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:18
- 33
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы тарихта тұңғыш рет Әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Гонконгте (Қытай) өткен турнир финалында қазақстандықтар Украина құрамасымен кездесті.
Қазақстан құрамасының финалдағы құрамы: Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов.
Алғашқы айқастарда Қазақстан құрамасы +2 ұпаймен шағын басымдыққа ие болды.
Бәсекенің орта шенінде Вадим Шарлаимов аяғынан жеңіл жарақат алып, медициналық үзіліс алды. Үзілістен кейін +4 ұпаймен керемет серпін жасай алды.
Жарақатына байланысты соңғы жекпе-жегіне Вадим Шарлаимов шыға алмады, оның орнын Әлем чемпионаттарының жекелей сындағы жүлдесіне ие болған жалғыз спортшы Руслан Құрбанов басты.
Шешуші айқас алдында Қазақстан бес ұпай басымдығына ие болды, ал помостқа 19 жастағы Кирилл Проходов шықты. Ол матчті жеңіске дейін жеткізді.




