Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрай Серікбайдың өлімі: сотта анасы қызын суреттен көргенде танымай қалған

Нұрай Серікбайдың өлімі: сотта анасы қызын суреттен көргенде танымай қалған
Сурет: ашық дереккөздерден
Нұрай Серікбайдың анасы оқиға болған күнді айтып берді.

Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасы оқиға болған күнді есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, полиция қызметкері үйіне келіп, телефондағы суретті көрсеткен. Алайда ол қызының жүзін толық көрмегенін жеткізді.

«Мен үйден шығып жатқан кезде бір полиция кіріп қалды. Телефондағы суретті көрсеткенде мен ешнәрсе көрмедім. Маған толық көрсетпеді ме, әлде өзім аңғармадым ба, білмеймін. Тек Нұрайға ұқсайтын көзін ғана көрдім. Басқа ештеңе көрген жоқпын. Сол сәт көз алдымнан кетпейді», – деді марқұмның анасы.

Полиция әйелге қызының қайтыс болғанын бірден айтпаған.

«Ол ештеңе деген жоқ. Тек “Жедел жәрдеммен ауруханаға алып бара жатырмыз” деді», – деді ол.

Айта кетейік, Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Бұған дейін сотта айыпталушы мен куәгерлерден жауап алынған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар