Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда курьер түн ортасында әйелді зорлықтан құтқарып қалған

Алматыда курьер түн ортасында әйелді зорлықтан құтқарып қалған
Сурет: видеодан скриншот
Әйелдің көмекке шақырған даусын естіген жігіт бірден көмек шақырған.

Алматыда курьер түн ортасында көмек сұраған дауысты естіп, ауыр қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Түнгі сағат екі жарым шамасында курьер болып жұмыс істейтін жас жігіт кіреберістен шығып бара жатып, күзет бөлмесінен көмек сұраған әйелдің дауысын естиді.

"Ол еш ойланбастан іске араласып, әйелге қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті", - деп мәлімдеді полиция.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ведомство мұндай жағдайларда азаматтардың қырағылығы мен полицияның жедел әрекеті ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарды бейжай қалмай, құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласуға шақырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар