Алматы облысында полицейдің өртенген денесі табылды: күдіктінің сіңлісі тың дерек айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:14
- 23
Алматы облысының Кеген ауылында 37 жастағы аға жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің өртенген денесі табылған. Күдікті ретінде әйелі мен тұңғышы және асыранды бала алынды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Осы қайғылы оқиғаға қатысты журналист Руслан Өтепбайға арнайы сұхбат берген Асланның әйелінің сіңлісі тағы бір шындықтарды мәлімдеді.
"Бәрінен де балаларға обал болмасыншы. Бұл сұхбатты да сол мақсатта беріп отырмын. Бұдан бөлек, қылмыстық оқиға болған үйге мөр басылып, жабылған болатын. Бірақ жездемнің інісі Жасұлан сол үйді ашқанын білдік. Үйден сұр папканы алып кеткен дейді.
Әпкемнің айтуынша, тергеуге керекті барлық материалдар сол сұр папканың ішінде болған. Сонымен қатар әпкем Аслан мен менің телефондарымның ішінде барлық дүниелер бар деген. Кегеннің учаскелік полициясы оқиғаның телефонға түсірілгенін айтқан дейді.
Әпкем де Кеген учаскелік полицейі телефондағы дүниелерді көріп, төбе шашы тік тұрғанын айтқан", - дейді күдіктінің сіңлісі.



