Астанада үстіне кондиционер құлап қаза тапқан фельдшердің күйеуі 8 айдан кейін қайта шаңырақ көтерді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:20
- 48
Өткен жылы Астанада тұрғындарды құтқаруға асығып бара жатып, үстіне кондиционер құлап көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы қайта шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Арада сегіз ай өткен соң марқұмның жұбайы қайта үйленген. Желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
Кейбіреу әйелінің дүниеден өткеніне бір жыл да толмай жатып шаңырақ көтергеніне таңданысын білдіруде.
"Жылы өткенін күтпеді ме екен, ең құрымаса, 4 ай қалды ғой", "Бұған, жаным ашып жүрсе…", "Сатқындықтың шегін қойды ма дедім ғой екеуін", "8 айда әйелінің топырағы да кебіп үлгермеді ғой. Жатқан жері жайлы болсын. 8 айдан кейін күйеуге шығып кеткен жесір әйелді әлі көрмеппін" деп жазған олар.
Ал енді біреулері оған бақыт тілеген. Үйлену тойынан түсірілген үзінділер тойхананың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.
Еске салайық, Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы қарашада Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза тапты.




