Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"40 градусқа дейін ыстық": алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады

"40 градусқа дейін ыстық": алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады
Сурет: multi-admin.ru
Елімізде ауа райы құбылмалы болады.

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елдің басым бөлігінде қалыптан тыс ыстық болады көптеген өңірде негізінен өткінші жауын-шашын жауады. Ал солтүстік және орталық аймақтарда бұршақ аралас жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.

Ең жоғары ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық өңірлерде күтіледі. Күндіз ауа температурасы +35…+40 градусқа дейін көтеріледі.

«Батыс өңірлерде 1 тамыздан бастап ауа райы біртіндеп өзгере бастайды. Температура сәл төмендегенімен, көпжылдық климаттық нормадан жоғары деңгейде сақталады», – делінген ауа райы болжамында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар