Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Солтүстік Кипрде ер адам қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасады

Солтүстік Кипрде ер адам қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасады
Сурет: видеодан скриншот
22 жастағы қызға ер адам пышақ жарақатын салды.

Солтүстік Кипрдің Никосия қаласында супермаркетте қазақстандық қызға қастандық жасалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Metropol Market» супермаркетінде 22 жастағы Қазақстан азаматшасына ер адам бірнеше рет пышақ сұққан. Кейін өз-өзіне де жарақат салған. Екеуі де доктор Бурхан Налбантоғлу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні сағат 11:45 шамасында болған.

Кейбір жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шабуыл жасаған азамат бойжеткеннің бұрынғы жігіті болуы мүмкін. Дегенмен, бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ, оқиғаның себептері анықталып жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың қатысуымен болған бұл қайғылы оқиғаны растады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар