Мәдениет
Аша Матай депутаттықтан бас тартты деген қауесетті жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 тамыз, 2026
- 232
Аша Матай депутат болатынына сенімді екенін жеткізді.
Тележүргізуші әрі Құрылтай депутаттығына үміткер Аша Матай әлеуметтік желіде өзі туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әлеуметтік желіде өзін кандидаттар қатарынан алып тастады немесе депутаттықтан бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
“Кейбіреулер мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Мені кандидатурамнан алып тастады, депутат болудан бас тартты деп халықты шатастырып жатыр екен. Әрине, мұның бәрі тапсырыспен болып жатыр”, – деді Аша Матай.
Тележүргізуші Құрылтайға үміткер екенін және өзінің депутат болатынына сенетінін жеткізді.
Сондай-ақ Аша Матай оқырмандары мен қолдаушыларын өзекті мәселелерін бөлісуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026
Мәдениет
Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2,3 жылға бас бостандығынан айырылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




