Мәдениет
"Абай" және "Қош бол, Гүлсары!" фильмдерінің режиссері Ардақ Әмірқұлов дүниеден озды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:46
- 48
Белгілі кинорежиссер дүниеден озды.
Қазақстанның көрнекті кинорежиссері Ардақ Әмірқұлов 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізды. Марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.
Ардақ Жамансарыұлы 1955 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы "Қазақфильм" киностудиясында еңбек етіп, 1992–2002 жылдары киностудияны басқарды. Сонымен қатар ұстаздықпен айналысып, жас киногерлерді даярлауға елеулі үлес қосты.
Режиссердің “Отырардың күйреуі”, “Абай”, “Қош бол, Гүлсары!” секілді туындылары ұлттық киноның алтын қорына енді.




