Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кеңейтілген мәжіліс өтті

Қызылордада «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кеңейтілген мәжіліс өтті
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Бүгін Қызылорда облысының Қазалы ауданында жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар тағылымды тәрбие беру мәселелерін талқылау мақсатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мәжіліске аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, аудан жастарымен кездесуге арнайы келген қонақтар - Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, дінтанушы, теолог Асанов Нұрлан Байжігітұлы, ақын, «Алтын домбыра» республикалық айтысының үш дүркін иегері, облыстық мәслихат депутаты, Н. Бекежанов атындағы қазақ академикалық музыкалық-драма театрының директоры Мұхтар Ниязов, танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Күміс қалам-2025» байқауының жүлдегері Ақжол Түменбай және құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп директорлары мен аудан жастары қатысты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар