"МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов жүрек ауруына байланысты ауруханаға түсті. Бұл туралы өзі желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әртістің айтуынша, денсаулығына байланысты Шымкентте жоспарланған концертінен бас тартуға мәжбүр болған.
"Бүгін концертке денсаулығыма байланысты қатыса алмайтын болдым. Жүрек қан тамыры бітеліп, дәрігерлердің көмегімен палатаға шықтым", - деп жазды ол.
Кенжебек Жанәбілов дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, жансақтау бөлімінен палатаға ауысқанын жазды.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері әншінің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Нұрсұлтан Жақсыгенге сот 5 жыл блогерлікпен айналысуға тыйым салды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2026
Мәдениет
Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




