Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Сурет: ашық дереккөздерден
Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Астана қаласының полиция департаменті 2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде алған жарақаттан көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Казинформ” порталына сілтеме жасап.

Ведомство өкілі қылмыстық істің сотқа жолданғанын айтты.

"Ұлдана Мырзуанның қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды", – деді Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Алайда алғашқы сот отырысының қай күнге белгіленгені әзірге белгісіз.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан 2025 жылғы қарашада Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге барған сәтте көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіндегі кондиционер блогы құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 18 қарашада жас фельдшер ауруханада көз жұмды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар