Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Сурет: газета.ру
15 жастағы қызды зорлаған жігіттің туыстары оның лотбасына келіп ақша ұсынып, күйеуге беруге көндірмек болған.

Ақтөбе облысында 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 22 жастағы көршісі ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

EGOV.PRESS Telegram арнасының мәліметінше, бүгінде қыз психологиялық ауыр қысымды бастан өткеріп жатыр.

“Ақтөбе облысының он бес жасар оқушысын 22 жасар көршісі зорлады. Енді қызды интернетте зақымдап жатыр.  Оқиға болған соң күдіктінің туыстары жәбірленушінің отбасына келді. Олар ақша ұсынып, қызды оған күйеуге беруге көндірмек болған”, – деп жазды арна. 

Қыздың әпкесі сіңлісінің оқиғадан соң ауылға кетіп қалғанын және үйден қашып кеткісі келетінін айтты.

“Бүкіл отбасымызбен түнде ұйықтамадық. Біз қыз өзіне бірдеңе жасап қоймай ма екен деп қорықтық. Өкіріп жылады. Ол қазір ауылда. Ата-анасын сағынып, ауылға барды. Мен кеше түнімен онымен видео байланыста болдым. Қорықтым бала үшін. Ол үйден қашып кеткісі келді. Өзіне қол жұмсағысы келді. Қыз әлі кішкентей, соншалық қысым алғасын, өзі де не істерін білмейді”, – деп жылады әпкесі.

 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар