Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚМА блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады

ҚМА блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады
Сурет: ҚМА
Маха.dxb лақап атымен танымал блогер Махмуд Хикматовқа халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

26 жастағы Махмуд Хикматовқа Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті биыл наурызда халықаралық іздеу жарияланған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Хикматов SultanGames, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалады деп күдіктелген.

"Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз интернет-казино интерфейсін ұсыну, ақшалай қаражатты қабылдау және төлеу (эквайринг, мобильді коммерция, криптовалюта), сондай-ақ ел азаматтары арасынан көбірек ойыншы тарту мақсатында жарнама жасаудың тұрақты схемасы жұмыс істеген", - деп хабарлады ҚМА.

Интернет-казиноларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырушылар блогер М.У. Хикматовты тартқан, оған Қазақстан аумағында қызмет ететін инфлюенсерлерді жарнамалық контент орналастыруға тарту рөлі жүктелген.

Осы қызмет аясында Хикматов блогерлерден олардың әлеуметтік желілеріндегі статистикалық мәліметтерді, соның ішінде демографияны, оқырмандардың географиясын, сондай-ақ аудиторияны қамту көрсеткіштерін сұратқан, соның негізінде жарнамалық қызметтердің құны айқындалып отырған.

Ол барлығы 35-тен астам блогерді, соның ішінде блогер Қ.Қамзаны тартқан.

"Қ. Қамза кең аудиторияға ие бола отырып, интернет-казиноларға рефералдық сілтемелер орналастырып, пайдаланушылардың әрбір өткені үшін сыйақы ала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарын тыйым салынған ойын қызметіне қатысуға қасақана тартқан", - деп хабарлады ҚМА.

Махмуд Хикматов - Маха.dxb лақап атымен танымал блогер, Өзбекстан азаматы. Бірнеше жыл бұрын БАҚ-та оның өз денесінен жарнама үшін орын сатып, ол үшін 30 миллион теңге сұрағаны туралы жазылған болатын.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар