9 тамыз күні Қфрғызстанда 3 баллға жететін жер сілкінісі сезіолі.
Қырғызстанда 9 тамыз күні үш жер сілкінісі орын алды. Олардың ең күштісінің магнитудасы 3,5 балға жетті. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлайды, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алғашқы жер сілкінісі сағат 09:33-те болды. Оның ошағы Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында, Кочубаево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші шамамен 3 балды құрады.
Екінші жер сілкінісі сағат 18:33-те тіркелді. Оның күші 3,5 балға жетті. Эпицентрі Баткеннен оңтүстік-шығысқа қарай 126 шақырым жерде, Жар-Баши ауылының маңында орналасқан.
Үшінші жер сілкінісі сағат 21:42-де болды. 3 баллға дейін жеткен. Ошағы Ош қаласынан 135 шақырым жердегі Нұра ауылының маңында орналасқан.
Келесі мақала


