Алматыда ер адам автобуста баланың интим аймағын ұстаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 51
Алматыда ер адам қоғамдық көлікте кішкентай баланың денесіне және интим аймақтарына қол тигізген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға қаладағы №129 автобуста болған. Жазба авторының айтуынша, қоғамдық көлікте бала бейтаныс ер адамның жанына отырған. Баламен ойнап отырған соң жолаушы оны әкесі деп ойлаған. Алайда кейін ер адам баланың интим аймақтарына қол жүгірткен.
Осыдан кейін ол анасынан сұрағанында оның бейтаныс адам екенін айтқан.
Бұған қатысты Алматы қаласы полиция департаменті де түсініктеме берді.
“Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ер адам заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Полиция нақты қандай әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарламады.




