Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды

Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды
Сурет: championat.com
Әлеуметтік желілерде UFC-дегі ең танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Рахмоновтың әкесінің дүниеден өткені туралы хабарлама 9 тамызда пайда болды - қазақстандық бірқатар БАҚ бейсенбіде Қарағандыда Алпамысов Бақтыбай Рахманұлының рухына бағыштап ас берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ қаралы хабар шетелдік басылымдарда жариялана бастады.

Шавкаттың әкесінен айырылғанына біраз уақыт болғаны анықталды - ол 2 тамызда 66 жасқа қараған шағында көз жұмған.

"Иә, бұл рас. Әрине, бұлай болғаны өкінішті, бірақ бәріміз пендеміз, бәріміздің келетін де, кететін де уақытымыз бар. Шавкаттың әкесі дүниеден озды, жерлеу рәсімі өтті", - деп растады Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлеуметтік желілерде әкесінің қазасына қатысты ешқандай ақпарат жариялаған жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар