Қоғам
Әділ Сүбебаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:15
- 31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.


