Мәдениет
Өзінен 25 жас қызға үйленген Қажет Самғұл 50 жасында әке атанды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 тамыз, 2026
- 215
«Әзіл Әлемі» театрының экс-әртісі, актер Қажет Смағұл 50 жасында алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Актер жұбайы мен сәбиімен бірге түскен суретін бөліскен.
«50-де балалы болған керемет екен, отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар», – деп жазды Қажет Смағұл.
Бұған дейін актер өзінен 25 жас кіші аруға үйленген еді. Қажет Смағұлдың қуанышты жазбасының астына оқырмандар жылы лебіздерін білдірген. Алайда кейбір желі қолданушылары сын пікірлер жазуда.
«2 ай бұрын некелессе уже туса аяғы ауыр қып алған ба», «50-дегілерді роддомнан кешке шығара ма?», «Біртүрлі ата осы» деп жазған олар.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Прокурор актер Нұрсұлтан Жақсыгенді 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2026




