"Отбасы банк" басшысы қазақстандықтарға несиені кешіктірмей, уақытылы өтеуге шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:36
- 35
Үкіметте өткен брифингте Ибрагимова зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, зейнетақы жинағын алу кезінде әр адамның несие тарихы тексеріледі.
"Ол есептеулерді көбіне сіздің бұрынғы несие тарихыңызға, яғни қандай берешектеріңіз бен мерзімі өткен төлемдеріңіз болғанына сүйене отырып жасайды. Сондықтан барлық қазақстандықты, тіпті микроқаржы ұйымдарынан, ломбардтар мен екінші деңгейлі банктерден өте аз мөлшерде қарыз алатындарды да, төлем мерзімін өткізіп алған әр күн кейін скорингтік балыңызға қатты әсер ететінін білуге шақырамын", - деді Ибрагимова.
"Отбасы банк" басшысы зейнетақы жинағын алу бойынша бас тартулар кездессе онда олар e-Otinish және әлеуметтік желілер арқылы жүгіне алады. Ибрагимованың айтуынша, банк қызметкері скорингтік бағалауға қолмен араласып, жүйе есептеген баллды өзгерте алмайды.
"Өкінішке қарай, скорингтік жүйе оған адамның араласа алмайтындай принципіне негізделген. Демек, ол сіздің бүкіл тарихыңызды есептеп, балыңызды төмендеткен", - деп түсіндірді банк төрайымы.


