Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда әуе билеттері тағы қымбаттады

Қазақстанда әуе билеттері тағы қымбаттады
Сурет: © istockphoto.com
Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы тағы өсті. Ақпан айынан бері Қазақстанда тұтыну бағалары ай сайын өсіп келеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюро мәліметінше, шілдеде әуе жолаушылар тасымалы қызметінің бағасы маусым айымен салыстырғанда 3% өскен. Бағаның ең жоғары өсімі наурыз бен сәуірде байқалды. Осы кезеңде тұтыну бағаларының индексі тиісінше 107% және 105% болды.

Әуе билеттері қымбаттағанымен, ұшақпен сапарлайтын қазақстандықтардың саны азаймаған.

2020–2024 жылдары Қазақстанда әуе көлігімен жолаушы тасымалдау көлемі тұрақты өскен. Осы аралықта ұшақпен сапарлаған жолаушылар саны 6 миллионнан 14 миллионға дейін артқан. Ал  жолаушылардың ұшақпен жүріп өткен жалпы қашықтығы 9 миллиардтан 28 миллиард жолаушы-шақырымға дейін өскен.

Ал әуе компаниялар табысының негізгі бөлігі, яғни  98%-ы жолаушылар тасымалынан, қалғаны жүк тасымалынан түскен.

Сонымен қатар табыстың жартысынан астамы халықаралық бағыттардан түскен.

Мәселен, өткен жылы жолаушылар тасымалынан түскен жалпы табыс 960 миллиард теңге болса, оның 579 миллиард теңгеден астамы, яғни шамамен 60%-ы халықаралық рейстерге тиесілі болған.

Ал  әуе компаниялар табысының шамамен 40%-ы Қазақстан ішіндегі рейстерге билет сатудан түскен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар