Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында күйеуін пышақтаған жүкті әйел сотта ақталды

Алматы облысында күйеуін пышақтаған жүкті әйел сотта ақталды
Сурет: euroradio.fm
Алматы облысында күйеуін пышақтап өлтірді деп айыпталған көпбалалы әйел сот залынан босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Айыпталушының төрт баласы бар, бесінші баласына жүкті болған.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылы 1 мамырда болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, әйел күйеуінің жүрек тұсына ас үй пышағымен бір рет соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмған.

Осыған байланысты әйелге Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша айып тағылған.

“Не молчи” қоғамдық қоры мәліметінше, жанжалға ер адамның әйелінің көзіне шөп салуы себеп болған. Күйеуі де оны жасырмаған. Содан кейін әйел күйеуінің іш киімін жуып беруден бас тартқанда оны соққыға жыққан. Әйел күйеуіне пышақпен соққыны өзін қорғау үшін жасағанын мәлімдеген. 

Сот отырысы барысында тараптар ұсынған дәлелдер жан-жақты әрі объективті түрде зерттелген. Алқабилер істі қарап, сотталушы кінәсіз деген шешімге тоқтаған. Нәтижесінде сот әйелді тағылған айып бойынша кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарды.

Жәбірленуші тараптың моральдық және материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап-арызы да қанағаттандырылмады. Іс бойынша процессуалдық шығындар мемлекет есебіне жатқызылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар