Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Колумбия президентіне көңіл айтты

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Колумбия президентіне көңіл айтты
Сурет: РИА новости
Мемлекет басшысы Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

Президент қаза тапқандардың туған-туыстарының сабырға келуіне және із-түссіз жоғалған жандардың тез арада отбасыларына оралуына тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Колумбияда магнитудасы 7,4 балл болатын жойқын жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 111 адам қаза тауып, тағы 87 адам жарақат алған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар